Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Массажист керек…”. Қазақ қызын қытайға саудалау басталған ба?

201

https://kaz.365info.kz/25-zhaskha-dejin-denis-tennin-kozi-tirisinde-bergen-syhbaty-kopshilikti-zhylatty-324804

Белгілі журналист Айнаш Есалы Фейсбуктағы парақшасына мынадай сөз қалдырыпты. Оқып көрелік:

«Қазақ қызының өзге ұлтқа күйеуге шығуына қатысты айтыстарға қатыспайын деп ойлағам. Өйткені, әркімнің өз тағдыры бар. Біреуге ақыл айтқанша, танымайтын адамдармен айтысқанша, Алладан өзімнің, өз балаларының адаспауын тілемеймін бе, деп ойлайсың ғой.

Содан былтыр маған бір СМС келген. Онда кәдімгідей бизнеспен айналысып, жазушылығымен де аты шығып жүрген бір досым: «Таныс қыздарың бар ма? Қытайда айына 600 000 теңге айлығы бар жұмыс бар. Жататын орны мен төрт мезгіл тамағы тегін» деп хат жіберіпті.

Қарызға батып жүрген соң, қызығып кеттім. Сосын қандай жұмыс деп сұрайсың ғой.

https://kaz.365info.kz/tilinen-tapty-denisti-oltirgenderdi-madakhtagan-mygalim-sottalgaly-zhatyr-324793

«Қытайдың үкімет мүшелеріне массажист керек» деп жауап жазыпты.

«Ойбай-ау, массажды Қытай қыздарынан асырып кім жасайды?!» деп хат жазып жібердім.

Содан әңгіме төркініне түсіне келе, әлгі достың бетіне түкіріп кеткен едім. Жек көрем өзін. Бой жетіп отырған қыздары бар. Соларды неге сондай жұмысқа жібермейді?

Қазіргі айтыстар – сол ұсыныстардың салдары. Қазір оларда табиғи қазақ қыздары «модада» екен.

Ешқандай ұлтқа боқ шашпай-ақ, өз қыздарымызға ие болайық, дейді ол.

Демек,

қазақтың қызын өзгеге саудалау бүгін басталмаған. Жасырын жүріп жатқан.

Біз оны енді ғана біліп, талқыға салып жатырмыз. Ештен кеш жақсы деген. Амал қанша?

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-khapty-konildesimen-birge-auruhanaga-tysken-erkektin-maskharasy-shykhty-324050

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз