Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қазақ қыздарын жек көретін адам”. Ринат Бектасұлы деген кім?

265

 Зайытовтың атын жамылған Ринат Бектасұлы бұдан бұрын желіде Қанат Исламның әйелі әсіре діншіл, хиджаб киеді деген қауесет таратып, біраз жұртты дүрліктірген екен. Тіпті, осы өсекке өкпелеген қытай қазақтары Ринат Зайытовқа хабарласқан. Сайып келгенде ақын Ринат желідегі өзінің атын жамылған өтірік Ринаттың кесірін шегіп жүр…

Ринат Бектасұлының бүлдіргісі мұнымен шектелмейді. Ол қазақ қыздарын ерекше жек көреді.

Әлеуметтік желіде: “Қазақ қызы түріктің жүн кеудесін жақсы көреді екен”. “Қазақ қызы қытайға тиіп алыпты”. “Қазақ қызынан ұят кетті”. “Қазақ қызы жалаңаш денесін көрсетті” деген болмаса осыған ұқсас мәндегі ақпарды көзіңіз жалса бұл Ринат Бектасұлының қолымен жасалған дүние деп білгейсіз. 

Анығы, қазақ қызының барлығы жаппай бұзылып жатқан жоқ. Бірақ, әлеуметтік желідегі Ринат Бектасұлы сияқты фейктердің кесірінен жалпы жұрттың көкейінде осындай пікір қалыптасып үлгерді. Мұндағы мақсат не сонда? Байқасаңыз, әлгіндей ақпарат өз дегеніне жетті. Халық Бектасұлының ығында кетті. 

“Қазақ қызы шешінді, қазақ қызы жаға ұстатты” деген тіркестер трендке айналды. Бұл бізге керек пе еді? Қыздарымызды масқаралау арқылы тәрбиелеген түріміз бе, бұл? Жоқ, одан қыздың тәрбиесі түзелмейді. 

Анығы, Ринат Бектасұлының мақсаты қазақ қызын тәрбиелеу емес. Осы арқылы өзіне ат жасау. Әлеуметтік желідегі өзі жетекшілік ететін топтың атын шығару. Ойлап қараған адамға бұл неге керек?

Сонымен, Ринат Бектасұлының артында кім тұр? Ақын Ринат емесі анық. Бірақ кім? Біздіңше Ринат Бектасұлы жоба. Біреудің, бәлкім іштен, бәлкім сырттан құрылған жоба. 

Бұл ретте біз оның қазақ қыздарына қатысты бөліскен бірқатар суреттерін жариялағанды жөн көрдік. Байқап қараған адам мұндай жазба қалдырған қыздың өзі Ринаттың қолымен жасалған. Яғни, әлеуметтік желіде уақытша құрылған фейк қыз. Осы арқылы біз бір емес, екі рет алданып отырмыз…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз