Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақтың балуан қызы әлемдік рейтингтің көшін бастап, №1 дзюдошы атанды

155

Жаңа рейтингтің екінші сатысынан Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ көрінсе, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кэйла Харрисон түйіндеп тұр.

Галбадрах Отгонцэцэг үшін Әбу-Дабиде өткен «Grand Slam» турнирі Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осыған дейін қатысқан барлық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, осы күнге дейін 10 жарыста – 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленген.

Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг 48 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін «Grand Slam» турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен «Grand Prix» турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз