Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақтың атақты, күміскөмей әншісі Әміре Қашаубаев туралы кино түсіріліп жатыр

112

Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм кино студиясының баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылы халықаралық прокатқа шығаруға жоспарланған «Әміре» киножобасы әріптес өнім ретінде, яғни Қазақстан мен АҚШ-тың бірлесе отырып шығаратын алғашқы жобасы болмақ.

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды.

1925 жылы Париждегі Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes көрмесі аясында өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді.

Фильм дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Сұржекей», «Үш дос», «Дударай», «Жалғыз арша», «Бес қарагер», «Ағаш аяқ» және «Əй-əй бөпем» әндері орындалады.

Шілде айының соңында Латвияның Рига қаласында басталған түсіру жұмыстары қыркүйек айында Алматы қаласында жалғасады. Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа, оператор – Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар.

Фильмнің сценарийін жазған – Бенжамин А. ван дер Вин. Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Мәскеу кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жеткен Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдайды.

Сонымен қатар британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы» фильмі арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш сынды басқа да актерлер қатысады. Фильмнің атқарушы продюсерлері – Әсет Кенжебаев және Анна Чакиртова.

Тарихи кеңесші – Әміре Қашаубаев туралы бірнеше еңбектердің авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімов. Музыкалық продюсері – The Magic of Nomads жобасының авторы әрі жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз