Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақтар неге EXPO көрмесін мазақтай береді?

255

Бұл не өзі?

Патриоттықтың жоқтығы ма, әлде біз білмейтін бір басқа себебі бар ма?

d2cf158e6cad6e06e9c27f3cf33bc3da

Әбдіжәлел Бәкір

Бұл сұраққа экс-депутат, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір жауап берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде әркім ойына келгенін айта береді. Бірақ халықтың дәл осы Экспоны мазақ етіп, Үкіметтің масқарасын шығара беретіні өте қауіпті екен.

Қара халық экономикалық дағдарыс кезеңінде бар ақшаны қайдағы бір EXPOға салып, жұмсап жатқанына наразы болып отыр. Өзіміз жеткізе алмай, жарымай жүргенде көрме өткіземіз деп шабылып жатырмыз. Анығында, қара халық бұл көрмеден қандай пайда, немесе зиян келетінін білмейді. Қазір жастарды айтпағанда үлкен азаматтардың арасында жұмыссыздық дендеп тұр. Содан болар, салынып жатқан EXPO-ның ғимараты құласа, халық бірден шу ете қалады. Үкіметке халықтың өкпесі қара қазандай.

Егер де халықтың қарны тоқ, әлеуметтік жағдайы жақсы болса, олар Астанадағы оқыс оқиғаға мәз болудың орнына, билікпен бірге уайымдар еді,

– дейді Әбдіжәлел Бәкір.

Саясаттанушы Үкімет халыққа бет бұрып, оның әлеуметтік мәселесін тез арада шешу керек екенін айтады.

Егер билік әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешпесе, жағдай бұдан да қатты ушығып кетуі мүмкін.

Сондықтан да үкімет әлеуметтік желідегі наразы көңіл-күйдің артып кетпеуі үшін нақты жұмыстар жасауы керек.

Біз бүгінде терроризм жасап жатқан жастарды айыптаймыз. Ал сол жастарымыздың теріс жолға не үшін түсіп жатқанына аса мән беріп отырған жоқпыз. Бұл өкпе-реніш белгілі бір деңгейде Үкіметтің халыққа деген өктемдігінен шығып жатыр. Шындап келгенде,

мұның бәрі жастардың тоз-тозы шығып, жұмыссыз жүруінен шығып отыр.

Мәселен жергілікті билік халықпен кездесіп, оның қандай талап-тілегі бар екенін білмейді. Қашан көрсең жиналыстан қолы босамайтын басшылар «халық неге бұл мәселе көтеріп жатыр» деп бас қатырмайды. Соның салдарынан қараша халықтың Үкіметке қаны қарайып қалған. Оны жібіту үшін шынайы жұмыс жасалуы керек, – дейді саясаттанушы.

Шынында да, Экспоға байланысты соңғы оқиғалардың әлеуметтік желілерде қалай талқыланып жатқанын бағамдасақ – қалың бұқараның Үкіметке деген өкпе-реніші қара қазандай болып отырғанын байқаймыз. Мұны жұрттың EXPO құрылысындағы апатқа қабырғасы қайыспай, керісінше табалап шыға келгенінен анық аңғаруға болады.

Егер Үкімет

халықпен санаспай «өзім білем» деген саясатын жалғастыра берсе, халық билікке «өлсең, өмірем қап» дегелі отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз