Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Қазақтар көше атауын өзгерткенде орыстар неге «жынданады»?

124

Ойлап қараңызшы, ДСУ-15 көшесінде қалай тұруға болады?

– Қай көшеде тұрасың?

– ДСУ-15-те!

Ұят екенін айтпағанда, бұл өзі ыңғайыссыз, жайсыз емес пе?

«Большой Бетономешалка» немесе «Совковый Лопата» деген көшеде сіз тұрғыңыз келе ме?

ДСУ-15 деген көшенің сүйкімсіз атауын халық жазушысы және ақын Хамит Ерғали көшесі етіп ауыстырыпты.

Бұған қуануымыз керек!

Ал олар несіне жынданады?

Мысалы, Ресейдегі бір қаладағы қайдағы бір «Нефтебазовская» көшесін Есенин, немесе Высоцкий деп өзгертсе жаман ба? Әрине жақсы!

Одан өмір өзгере ме? Әрине, өзгереді. Бәлкім, сол көшеден жаңа Есениндер, Высоцкий мен Хамит Ерғалиевтер шығатын шығар?

Айпақшы, «Нефтебазовская» деген көше қазақтың Көкшетауында да күні кешеге дейін болған екен.

Енді ол көше қазақтың біртуар актері мен режиссері Кәукен Кенжетаевтың есімімен аталады.

25-жылдығын тойлап отырған Тәуелсіз елміз, бірақ «Кирпичная», «Литейная», «Советская», «Пионерская» және «Ленина» деген көшелер бізде әлі де көп.

Неге?

Серік Мәлей, altyn-orda.kz

6544510-r3l8t8d-600-111

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз