Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы Рашид Рахымбековке Алматы соты заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін бір жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Сот Рахымбековты 2012-2013 жылдары Қазақстанның Үндістандағы консулы қызметін атқарған кезде шетел азаматтарына жалған іскерлік визасын заңсыз дайындаған деп шешті. Сот оған 26 миллион теңге (шамамен 73,5 мың доллар) айыппұл салды.