Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ақмола облысының бірқатар аумағында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кейбір өңірінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.
Маңғыстау облысы мен Атырау облысының басым аумағында аптап ыстық сақталады.