Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Қазақстандықтардың Рио-де-Жанейроға визасыз баруына мүмкіндік туды

Өздеріңіз білесіздер, Бразилия Латын Америкасында өз деңгейінде көтерілген мемлекет. Сондықтан, біз үшін бұл өзгерістің маңызы зор. Әрине, келісімді толықтырамыз, қазіргі кезде осындай өзгеріс керек. Өздеріңіз білесіздер, он күннен кейін Бразилияда Олимпиада ойындары басталады. Сондықтан, жақын арада осы келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз Олимпиада ойындарына визасыз барады деп үміттенеміз, – деді келісімге қол қойғаннан кейін Мұхтар Тілеуберді.

Вице-министр атап өткендей, бұл келісімнің Қазақстан үшін тағы бір тиімді тұсы Бразилия азаматтары келесі жылы ЭКСПО көрмесіне визасыз келе алады.

«Бразилия азаматтарының саны көп ел. Екі жүз миллионнан астам халқы бар. Сондықтан, келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне Бразилиядан көп қонақ келеді деп үміттенеміз», – деді ойын түйіндеген ол.

Айта кетейік, бүгін қол қойылған келісім сондай-ақ, екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристiк және өзге байланыстарды нығайтуға, әсiресе екi ел азаматтарының өзара сапарларын жеңiлдетуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз