«Қазақтелеком» Жеңіс күніне орай барлық қазақстандықтарға Қазақстан бойынша туған-туысқандарына тегін қоңырау шалу мүмкіндігін ұсынады. Тегін қызмет 9 мамырдың 00:00 сағатынан 10 мамырдың 00:00 сағатына дейін күшінде болады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ хабарлайды.
9 мамыр күні Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге тегін қоңырау шалуға болады. Бұдан тыс сәуір айының соңынан бастап 9 мамыр аралығында ТМД елдеріне жолданатын үкіметтік, жай және шұғыл жеделхаттарға 50 пайыз жеңілдіктер ұсынылады.
5 және 8 мамыр, сондай-ақ 10 және 11 мамыр аралығында нөл сағаттан бастап түнгі сағат үшке дейін Қазақстан және Байқоңыр қаласы бойынша қалааралық телефон қосылуларына жеңілдік 15 пайыз болмақ.
Ал түнгі сағат үштен таңғы сағат алтыға дейін 60 пайыз құрайды.
5 және 6 мамыр күндері таңғы сағат алтыдан түн жарымға дейін жеңілдік 10 пайыз құрайды,
7 мамыр күні таңғы сағат алтыдан түн жарымға дейін жеңілдік 32,5 пайыз құрайды,
8 мамыр күні таңғы сағат алтыдан түн жарымға дейін жеңілдік 10 пайыз құрайды,
10 және 11 мамыр күндері таңғы сағат алтыдан түн жарымға дейін жеңілдік 25 пайыз құрайды.
Көрсетілген жеңілдіктер тек жеке тұлғалар үшін автоматты қалааралық телефон байланысы бойынша сөйлесулерді жүзеге асырған кезде жарамды болып табылады және тапсырысты телефонист арқылы қабылдаған кезде қолданылмайды.