PS.kz хостинтік компаниясының Data-орталығындағы ақауға байланысты бірнеше қазақстандық сайт істен шықты. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Министрлікке бірқатар қазақстандық сайттың жұмыс істемей тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Біздің мамандар дереу жағдайды анықтауға кірісті. Сайттардың ашылмауына ірі PS.kz хостингтік компаниясының Data-орталығындағы ақау себеп болған. Қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деп жазды Дәурен Абаев.