Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандары “Үнсіз қалма” қозғалысына бірігіп жатыр

Қозғалыс жетекшісі Дина Смайылованың хабарлауынша, 17 тамызда оған Жібектің шешесі Гүлбадар Мусинова хабарласқан. Ол қызын отбасылық мерекеде төрт жігіт алып қашып, аяусыз зорлағанын баяндап берген. Жергілікті полиция күдіктілерді ұстаудың орына, оларды босатып жібере салған. 19 тамызда Гүлбадардың видео-үндеуі Интернетте тараған соң ғана, іс қоғам назарына ілікті. Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.

“Қазіргі таңда “Үнсіз қалма” азаматтық қозғалысы сексуалдық зорлыққа қатысты сегіз сот ісіне қатысып жүр. Мен полицияның медициналық сараптама және травматология мамандарымен келісіп алғандарын жақсы білемін. Жемқорлық жүйе қалыптасқан, мысалы, травматолог соққы деңгейін азайтып көрсетіп бере алады. Полиция жәбірленушіні күдіктіге кешірім беруге үгіттейді, сөйтіп қылмыскер полиция мен медициналық сараптамаға ақша төлеп құтылады”, – деді Дина Смаилова.

“Үнсіз қалма” қоғамдық қозғалысында Қазақстанның түрлі қалаларынан 30-дан астам белсенді бар. Олардың көбі сексуалдық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген әйелдер. Дина Смайылованың өзі кішкентай кезінде зорлық көрген. Ол “Мен айтудан қорықпаймын” және “Үнсіз қалма” акциясын қолдап, басынан өткерген оқиғаны баяндап берді. Содан кейін оған көптеген әйел хабарласа бастаған. Зорлық көрген әйелдерге көмектесу қозғалысы осылай құрылды.

222-700x460

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз