Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы жетімдер үйі туралы ақпараттың құпиялығы жойылады – ҚР БҒМ

498

Алматы балалар үйіндегі зорлау деректері туралы ақпарат қоғамның жағасын ұстатқан. 2016 жылдың басында Алматы қаласы №1 балалар үйінің директоры Гүлмаржан Шунаева тәрбиеленушілерінің зорлануына байланысты туындаған даудан кейін қызметінен шеттетілген. Балалар үйінің түлегі 15 жылға сотталды.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, жыл сайын Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл – өз отбасына бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінен туындап отырған нәтиже. Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).

Отбасылық форма тәжірибесін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 9-сәуірінде еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде жетім және қамқоршысыз қалған балалармен қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіншіліктері – асырап алушы отбасы, сондай-ақ, балаларды демалыс және мереке қүндері жанұяға тартатын – қонақтық отбасы сияқты жаңа формалар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқоршылық белсенділігін арттыруға басты себеп болды. Сонымен қатар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, балаларды асырап алғысы келетін жанұялардың республикалық мәліметтер базалары құрылып, өз жұмысын белсенді атқарып жатыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды бақылау кеңестерінің қызметіне қосылып, жұмыстарын жүргізуге белсенді ат салысуға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз