Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Қазақстандағы жанармай құю бекеттері бір жерге біріктіріледі

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

«Былтырғы жылы бес жанар-жағармай құю бекетін біріктіруді жоспарлаған едік. Кейіннен тексере келе көптеген бекеттердің қаржылық, техникалық т.б мәселері бар екенін білдік.

Аймақтарды аралаған кезде бекеттердің қожайындары бұл идеяға қуанды. Қолдау білдірді. Бұған дейін 230 АЗС-пен келісімге келсек, тағы 70-і меморандумға қол қойды. Ендігі қадамымыз бекеттерді модернизациялау болмақ. Біз заманауи қоғамда өмір сүреміз.

Сондықтан көштен қалмауымыз керек. Алдағы уақыттарда елге электромобильдерді әкелуді жоспарлап отырмыз. Электромобильдер бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие көлік түрі. Сол себепті республикалық тас жолдарда орналасқан жанармай құю бекеттерінде электромобильдердің қуат көздері ашылатын болады.

Бұл жобаға жергілікті инвесторлар тартылады. Біздің есеп бойынша 1200-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ бекеттердің сапасын тексеретін мобильді зертхана ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді Дәулет Қалиханов.

Оның айтуынша бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 50 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсалады екен. Одан бөлек алдағы уақытта талон, жеңілдетілген карталар болмайды. «КНПЗ» басшысы оның бәрі өткен күннің еншісінде қалады деп отыр. Жүргізушілер жанар-жағармайды қолма-қол ақшасыз-ақ мобильді қосымша арқылы сатып алатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз