Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақстандағы туризм саласын қалай дамытамыз?

288

Ал Қазақстан туризмінің еңбек сіңірген қызметкері Жұмат Мәрденовтың айтуынша, Қазақстанға экстремалды туризмді дамытқан аса қолайлы болар еді. “Бұған сай орындар жетіп артылады. Бір ғана Бурабай мен Баянауылдың өзі неге тұрады. Әрине, туристер ол жерге жайдан жай келе салмайды. Олар өзінің қауіпсіз боларын сезінулері керек” деді ол.

Өз кезегінде саясаттанушы Әділ Кәукенов: “Туристерден табыс тапқымыз келсе оларға құрметпен қарауды үйренуіміз қажет. Себебі, ол турист біздің елге қайтып келетіндей болуы керек…

Сосын біз өзімізше болып Қазақстанды Еуропаға мойындатқымыз келеді. Туризм десе бірден еуропалықтарды шақыру қажет деп ойлаймыз. Бірақ, ол халықтың түсінігі басқа. Оларды теңіздің жағасында демалып жатқанды қош көреді. Ал өкінішке орай Орталық Азияда олардың талаптарына сай келетін жағажайлар атымен жоқ. Сосын біздің жаз ыстық. Еуропалықтың нәзік терісін күйдіріп жібереді” деген пікір білдірді.

Ал жиынның шымылдығын жапқан сарапшы Марат Шибұтов өз сөзінде: “Қазақстан туризмді дамытамын десе алыстан арбаламауы керек. Бізге жақыннан дорбалаған маңызды. Мынаны түсініңіздер бізге ешқашан да Нью Йорктің тұрғындары келмейді. Бізге көршілермен жұмыс істеу маңызды” деген пікір білдірді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз