Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қазақстандағы «орыс қауіпі» кімге керек?

Әуезов Қазақстандағы орыстар «Украинадағы көтерілісшілерге артып келе жатқан ұнатушылықты» сезіп отыр деп есептейді (шамасы, ДХР мен ЛХР-дегі қарулы құрылымдарды меңзейтін болар — ескертпе автор)

Әйтседе, осы мақалада Олжас Әуезов келесі жәйтті ескертеді: «Қостанай тұрғындары сепаратистік көңіл-күйді ашық білдірмейді және олардың көпшілігі георгий бауы Украинадағы оқиғалардың емес, кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің символы, яғни белгісі іспетті дейді».

«Мәскеудің Қазақстандағы сепаратизмге қолдау көрсететіндегі жөнінде дәлелдің жоқ екендігіне қарамастан, ол елді өзінің ықпалында ұстағысы келеді», — дейді қарама-қарсы пікір білдірген Әуезов, сөйтеді де «Мәскеудің Қазақстандағы мүдделерін» тізбектей бастады: Қазақстандағы «саны жағынан Украинадан кейінгі екінші орындағы Қазақстандағы орыс диаспорасы, солтүстік және шығыс аймақтарда Ресеймен байланыстағы басты өндірістік кәсіпорындар, Солтүстік Қазақстан — аса ірі көмір өндіретін және астық өсіретін аймақ».

Ресейге Қазақстанның ешқандай аумағы керек емес

Бұл қауіп қаншалықты шынайы? Ресейдің өзі қиыншылықтарға белшесінен батып жатқанда оның Қазақстанның жерінде еш шаруасы жоқ, — дейді 365info.kz порталына түсінік берген саясаттанушы Нұртай Мұстафаев.

Nurtayka-e1457505606376

Нұртай Мұстафаев

 — Олжас Әуезов тарапынан айтылған үрей тудыратын осындай тезистерге ешқандай негіз жоқ. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Ресей билігі Қазақстандағы сепаратистік көңіл-күйді еш жағынан арандатып отырған жоқ. Егер ол орын алса, ондай әрекеттер туралы мүлдем басқа мәлімдемелер жасалушы еді. Екіншіден, Ресейге Қазақстанның еш аумағы керек емес — оған өзінің алып аймақтарын игеріп алса да жетіп жатыр, мәселен, аумағы жағынан бүкіл Қазақстаннан үлкен Якутияны (Якутия аумағы — 3103 мың шаршы километр, Қазақстан аумағы — 2725 мың шаршы километр, — ескертпе автор). Жалпы, асыра айтпағанда, күнделікті назар аударуда талап ететін Дағыстанның өзі де жеткілікті.

Ал автордың Қазақстанда орыстар көп тұрады, қауіпті солар тудырып отыр-мыс деген дәлелі екі есе негізсіз.

Қазақстанға (Ресейге де) бұдан да үлкен қауіпті ішкі әлеуметтік факторлар, оның ішінде, ең бастысы — халықтың экономикалық белгілер бойынша бөлшектенуі тудыруда

Осы жерде атап айтар нәрсе, қазақстандық экономистер, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар «жоғарыдағылар» мен «төмендегілер» табысы арасындағы айырмашылықты есептеп шығаруға түрлі талпыныстар жасауда. Оны есептеу кезінде, әдетте, халықаралық стандарттар пайдаланылады – ең бай адамдардың 10 пайызының табысы осыншама мөлшердегі ең кедей адамдар табысымен салыстырылады. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша,

Қазақстанда байлар барлық табыстың 26,6 пайызын тапса, кедейлер – 3,5 пайызын табады.

Сөйтіп, коэффициент 7,6 тең болды.

Бірақ мұндай арифметикамен Қазақстанның белгілі ғалымы Аманжол Қошанов түбегейлі келіспейді. Оның есептеулері бойынша, табыс айырмашылығы 29 есе, ал дамыған елдерде 4,8 есе ғана. Сондықтан А.Қошановтың пікірі бойынша,

Қазақстан Республикасындағы қоғамның бөлшектенуі мүлдем шектен шыққан, атап айтарлығы, байлықтың мөлшері мен көзі ренталық және монополистік табыс көздеріне сыртқы экономикалық қол жетімділіктің нәтижесі болды

— Қазақстанның ұлт патриоттарына келетін болсақ, мен оларға өз знергиясын елдегі білім беру саласы мен жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне жұмсауға кеңес беруші едім, — дейді сөзін тәмәмдаған Нұртай Мұстафаев. — Бізде жастар өздерінің қажетсіздігін сезінеді. Міне, бұл орыс жастарының ғана емес, сонымен қатар қазақ, неміс, өзбек, еврей жастарының және тағы басқаларының көшіп-қонуын арттыруы мүмкін. Мінеғ осылар туралы ойланған жөн…

Бұл әдеттегі ақпараттық арандату

240613-poletaev-e1457505962771

Эдуард Полетаев

— Ең кем дегенде, Reutersтегі материалдың атауы әдепті емес, өйткені мақалада бірде бір қазақстандық ресми өкілдің ойдан шығарылған автономияны құру қауіпі туралы айтқан бір ауыз пікірі жоқ, — деген сенімде басқа қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев. — Қазақстан — унитарлық мемлекет. Конституциялық құрылымды өзгертуге шақыру қылмыстық жазаға тартатын әрекет болып табылады.

Мақалада келтірілген фактілер Солтүстік Қазақстанда жоқ болса да қақтығыс әлеуетін табу идеясына бағытталған

Мақала орташа статистикалық оқырманның өзіне айтқысы келетіннің ақиқат туралы еш нәрсе білмеуін қарастыратын халықаралық (батыс) журналистикасының стандарттары бойынша жазылған.

Мақаланың мәтінін посткеңестік кеңістікке қатысты Батыстағы ойлау және стереотиптер шаблонына сәйкес рәсімдеген екі ағылшын тілді редактордың болуы тегін емес.

Шын мәнінде, Қостанай — көп ретте орыстар көп тұратын орыстілді қала. Және ол еліміздің солтүстігіндегі осындай жалғыз елді мекен емес. Бірақ бұл аймақтағы барлық жерде бірлік пен ұлтаралық келісім факторы сезілуде. Айтпақшы, статистикаға сәйкес, Орталық Қазақстанда орналасқан өндірістік Қарағанды қаласында да орыс тілділер басымдылығы айқын, бірақ бұл қала батыс БАҚ-тары тұрғысынан сепаратитстер атануға «ниет» білдірген емес.

Бұл геосаяси қитұрқылардың барлығы – ақылдың аздығынан емес, сенімсіздік тудыру мақсатымен жасалып отыр

Сондай-ақ Қостанай ресейлік Челябинскпен тығыз байланыста. Қостанайдан Челябинскіге дейінгі қашықтық автожолмен 300 километрді құраса, Астанаға дейін – 700, Алматыға дейін – 2000 километрдей. Әлбетте, адамдардың және бизнестің байланыстары жақын көршілерімен дамитыны қисынды. Осындай байланыстар Петропавловск пен Омбы, Ақтөбе мен Орынбор, Атырау мен Астрахань арасында орнатылған. Бұл жерде сепаратизм қайдан болсын? Қазақстан – аумағы үлкен ел. Тағдырдың жазуы сондай болған шығар, елдің көптеген қалалары, оның ішінде, облыс орталықтары Ресеймен шекара маңында орналасқан. Міне, сол шекараның екі жағында тұратын халық бейбітшілік болғанын қалайды.

Қазақстан Украина емес

E27E3600-8562-4424-ACE7-601C31171B36_mw1024_s_n-e1457506575862

Аркадий Дубнов

Ең ақыры, ресейлік саясаттанушы, Орталық Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубнов та Reuters материалын «арандатушылық ақпарат» деп атады.

— Бұл ақпарат бүгін Қазақстан үшін өзекті емес,, — деді Дубнов Riafan.ru агенттігіне берген сұқбатында. — Шамасы, ол қазақстандық биліктің қандай да бір әрекет білдіруіне бағытталған болар. «Орыс сепаратизміне» алаңдаушылықтың шыңар биігі Қырым мен Донбасстағы оқиғалардан және Жириновский сияқты есерсоқ саясаткерлердің кейбір арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерінен кейін орын алған-ды.

Бүгін Украина мен Қазақстан арасында толық аналогия жүргізу дұрысы емес. Украин халқына қатысты айтылған сияқты қазақ этносына қатысты ол орыспен бір халық деп ешкім айта алмайды.

Қазақтар орыстарда ештеңе болмаған кезде өздерінің төл мәдениеті мен өркениеті болған Ұлы Дала перзенттері екенін жақсы біледі

Сондықтан мұндай арандатушы ақпаратты қазақ ұлтшылдары шығарып отыр деп ойлаймын. Оларға қайтадан бас көтеру үшін қауіп қажет. Бұл осы тақырыпты жетік түсінбейтін Reuters редакторлары тарапынан жасалып отырған арандатушы ақпарат. Бұл шынайлыққа ұмтылған ресурстың біздің одан күтетін мақаласы емес. Мен қатты таңданыста болдым.… Бүгінде біз Путинге және ТМД-дағы ресейлік саясатқа қандай көзқараста болсақ та, шамасы, Ресейдің аймақтағы ықпалын төмендетуге мүдделі құрылымдар бар.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз