Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда сібір жарасы дерті бойынша жағдай ушыққан жоқ – Ауылшаруашылығы министрлігі

Бұл ретте директор Қарағандыдағы оқиғаға тоқтала келе, онда денсаулық сақтау қызметінің жедел әрекет етіп, назар аудармағаны үлкен проблема болғанын айтады.

– Адам бір аптаға жуық медициналық көмектен тыс қалған, соның салдарынан екі бірдей кісі өлімі орын алды. Оның орын алуы да заңды, өйткені тиісті әрекеттер атқарылмады, – дейді Серік Ыбраев.

Қазіргі таңда Қазақстанның ет одағы ветеринария саласында ауқымды реформалар жүргізуді, сонымен бірге ветеринарлық бақылауды күшейту қажеттігін көтерген болатын. Өйткені, елдегі соңғы оқиғаларға байланысты көршілес Ресей қазақстандық экспорттаушылардың өніміне шектеу енгізген.

Министрлік өкілінің айтуына қарағанда, қазақстандық тарап Ресейдің ветаринарлық бақылау қызметімен келіссөздер жүргізіп, қазақстандық ет өніміне шектеуді алып тастау мәселесін қозғауда. «Біз келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Жақын аралықта бұл мәселе өз шешімін табады деп ойлаймын», – деді департамент басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз