Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда әлі бір апта аяз болады

Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты деп хабарлайды Қазгидромет.

Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градусқа төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда.

Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтілуде.

Астананың ресми сайтында хабарланғандай, 23 қарашаға қарай аяз бәсеңдейді деп болжанады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз