Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда өңірлік БАҚ-тардың альянсы құрылады

Форум барысында “Алматы” телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей өңірлік журналистер альянсын құруды ұсынған болатын. Бұл бастаманы «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айгүл Қапарова да қолдады.

«Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан келдім. Журналистердің альянсын немесе басқа қауымдастық құру бастамасын қолдаймын. Өте құнды ұсыныс. Өйткені, аудандар мен ауылдарда шығатын бұқаралық ақпарат құралдары өздерін далада қалғандай сезінетіндігі рас. Сондықтан қазіргі таңда олардың басын біріктіретін ұйым қажет деп олаймын»,- деді Қапарова.

Айта кетерлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та мұндай бастамаға толық қолдау көрсетті.

«Иә, мұндай альянс керек деп ойлаймын. Өңірлік журналистер альянсын құру ұсынысын толықтай қолдауға болады»,- деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз