Қазақстанда iPhone-ның жаңа моделі 17 қыркүйектен бастап сатыла бастайды. Алдын-ала тапсырыс бойынша оның бағасы 612 мың теңгеден 782 мың теңгеге дейін жетеді.
32 гигабайттық жадылы iPhone 7 612 мың теңгеге сатылады, 128 Гб – 680 мың теңге; 256 Гб – 748 мың теңге.
Тура осындай жадылы iPhone 7 Plus-тің бағасы: 32 Гб – 646 мың теңге; 128 Гб – 731 мың теңге; 256 Гб- 782 мың теңге, деп хабарлайды Tengrinews.kz.