Қазақстанда жыл басынан бері 38 экстремист пен террорист сотталды. Бұл туралы экстремизм мен терроризмге қатысты істерді қараудағы сот тәжірибесінің мәселелері талқыланған дөңгелек үстел барысында айтылды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
– Бұл қылмыс Қазақстанда да кеңінен етек жайып барады. Көбінесе дүниетанымы толық қалыптаспаған жастар терроризм идеологиясының жетегінде кетіп отыр. Қазіргі таңда терроризм тактиканы ауыстырып, неғұрлым белсенді әрі ұтқыр бола түсуде, – деді ол.
ҚР Бас прокуратурасы Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесін қорғау департаментінің басқарма бастығы Марат Нұрмұхамедов биылғы жылдың бес айының ішінде елімізде экстремизм мен терроризм бойынша 38 адамның сотталғанын мәлімдеді. Олардың кейбірі Украина мен Сириядағы әскер қақтығыстарға қатысқан.
АҚШ-тан келген судья Ричард Стернс мырза әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды террорлық актілерге шақырумен күресте америкалық әріптестері қолданатын тиімді әдістер, сондай-ақ соғысқа қатысып, Отанына оралғандармен қалай жұмыс істеу қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары, Массачусетс штаты (АҚШ) федеральдық округтік сотының судьясы Ричард Дж. Стернс, ЮСАИД ұйымының демократия, адам құқықтары мен мемлекеттік басқару бөлімінің директоры Бриони Джеймс, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және тағы басқалары қатысты.