Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда АЭС-ті отынмен қамтамасыз ететін зауыттың құрылысы басталды

Бұл өз кезегінде әлемдік ядролық-отын нарығына шығуға мүмкіндік береді. Өнім 2020 жылы шығарылатын болады.

«Осы зауытта біздің жоғары технологиялар енгізілетінін мақтан тұтамыз. Қазіргі уақытта аталған өндіріс үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды жасау жұмыстарына кірісіп кеттік»,-деді АРЕВА-ның отын бизнесі бойынша бөлімінің келісімшарттар жөніндегі аға вице-президенті Клаус эль Уста.

Өз кезегінде CGNPC-URC бас директорының орынбасары Цай Юченг «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен серіктестікке өте қуанышты екенін атап өтті. Отын жинақтары Қытайдың атом электр стансаларында пайдаланылады.

Елбасы осы жобаға қатысушыларды құрылыстың басталуымен құттықтай келе, бұл нысан өте қажет екенін және алдағы уақытта өз нәтижесін беретіндігін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз