Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақстан Қытаймен бірігіп, 50 кәсіпорын ашады

«2005 жылдан 2016 жылға дейін елімізге тартылған инвестиция 226, 7 млрд долларға жетті. Бұл – шет мемлекеттердің ұлттық экономикамызға салған тура инвестициясы. Оның 13,4  млрд доллары немесе 5,6 пайызы Қытайға тиесілі. Бүгінде инвестицияның дамушы нарықтан дамыған нарыққа өту тенденциясы байқалады. Бұл – Қазақстанға да әсер ететіні белгілі. Соңғы жылдары шетелден келетін инвестицияның төмендегені байқалады. Өкінішке қарай, Қытайдан тартылатын инвестиция – 30 пайыз», — дейді вице-министр.

Ерлан Хаировтың айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық байланысты күшейту мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылады.

«Қос ел арасында Қазақстан-Қытай  индустриялық-инвестициялық бағдарламасы бар. Оның құрамында 50-ге жуық жоба бар. Жобаның құны – 26 млрд АҚШ доллары. Түсіндіре кетейін, бұл бағдарламалар үнемі өзгеріп отырады. Қазақстан тарапынан бағдарламаға жауапты – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ал Қытай жағынан Реформаны дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет. Біз осы күнге дейін 9 бірлескен отырыс өткіздік. Келіссөзді онлайн түрде жүргіземіз. Әрбір жобаны талқыға саламыз. Егер, экономикада қызығушылық жағынан өзгерістер болса, жобаны тізімнен шығарамыз немесе керісінше. Сондықтан бұл процесті жанды механизм деп атасақ болады. Біз әрқашан әріптестерімізбен байланыс орнатып отырмыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі жобаның мақсатына тоқталды.

«Жоғарыда аталған жобаларда қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің үлесі бар. Жобалар әртүрлі саланы қамтиды. Бұл кәсіпорындар арқылы шығарылған өнім экспортқа жіберіледі. Оның ішінде тауар Қытайға экспортталады. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Яғни, Қазақстан кең нарыққа шығуға мүмкіндігі бар», — дейді Е.Хаиров.

Сөз соңында вице-министр Қытай инвестицияның әлемдік нарықтағы үлесінің жоғары екендігін айтты.

«Қытай – әлемдегі ең үлкен инвесторлардың бірі. Мысалы, Еуропалық одақ Аспан асты елі үшін арнайы бағдарламалар жасап отыр. Мақсат – қытайлық инвесторларды Еуропаға әкелу. Қазақстан үшін Қытайдың инвестициялық мүмкіндігін пайдаланбау ақымақтық болар еді», — дейді вице-министр.

8f14e45fceea167a5a36dedd4bea2543-5

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз