Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақстан Сирияға 500 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жөнелтті

Гуманитарлы жүк сириялық Тартус портына Ресей Федерациясының ықпалдасуымен жеткізілді. Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай тапсырған гуманитарлы жәрдемді сириялық тараптан Тартус провинциясы Кеңесінің төрағасы Ясер Дибба қабылдады. Қазақстанның гуманитарлы жәрдемін сириялықтарға тарату Сирияға көмек көрсету жөніндегі жоғарғы комиссия қадағалауымен жүзеге асырылатын болады.

“Сириядағы ауқымды гуманитарлы дағдарысты есепке ала отырып, бұл елге гуманитарлы жәрдемді көрсету жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады”, — деді Бердібай.

Бұл Қазақстанның Сирия халқына көрсетіп жатқан тұңғыш көмегі емес. 2012 жылы босқындар лагерлерінде орналасқан сириялықтарға гуманитарлы жәрдем ретінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы арқылы Қазақстан Иордания мен Ливан үкіметтеріне 400 мың АҚШ долларын бөлген.

Сондай-ақ, 2015 жылғы қазанда Астанада өткен сириялық оппозиция өкілдері арасындағы келіссөздерден кейін Түркия-Сирия шекарасында шоғырланған сириялық босқындарға фармацевтикалық, азық-түлік және тұрғын мәселелерін жақсарту үшін сириялық босқындарға Қазақстан 300 мың евро көлемінде гуманитарлы жәрдем беруі туралы Меморандумға қол қойылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз