Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
11
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Қазақстан Олимпиада чемпиондарына беретін сыйақы көлемінен әлемде 3-ші орында

Біздің ел чемпион болған спортшыға 250 мың АҚШ доллоры көлемінде сыйақы бермек. Өзге елдермен салыстырсақ алдымызды Әзірбайжан мен Тайланд  орап тұр.

Көш бастап тұрған Әзірбайжан елі жеңімпазға 510 мың АҚШ долларын, ал Тайланд болса 314 мың доллар береді.

Алайда Тайланд чемпион атанған спортшыға сыйақының бәрін үйіп- төгіп бірден бере салмайды. Спортшы сыйақысын жиырма жыл ішінде бөліп алып отырады. Бұл дегеніміз чемпион атанған спортшы ай сайын 1 300 доллардан жиырма жыл алады дегенді білдіреді.

 Төртінші орында Филиппин мемлекеті.Олар жеңімпазға 237 мың АҚШ долларын береді. Ал бесінші орында көршілес өзбек елі(200мың АҚШ доллары)

Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есепте көш басында жүрген елдердің сыйақы көлемі анау айтқандай көп болмай шықты. Олардың ішінде салыстырмалы түрде көп сыйақыға кенелетіндері ресейліктер.Чемпиондары  60 мың доллар алады. Қытай елі 50, АҚШ 25, Германия 19,5 мың АҚШ долларын мемлекет қазынасынан бөліп береді.

Ал Ұлыбритания елінде чемпион болған спортшыға сыйақы беру қарастырылмаған. 

Естеріңізге салсақ, Бразилия жеріндегі Олимпиада ойындары 5 – 21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз