Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

«Қазақстан мемлекет емес, ол орыстың арқасында хат таныған тайпа», деді ресейлік сарапшы

Ақтөбедегі оқиға діни фанатизмге бой алдырғандардың ісі дей келе, ол оқиғаның «Ресейге, Қазақстандағы орыс диаспорасына қауіп төндіретінін, жергілікті ұлтшылдардың Украина, Балтық елдеріндегідей антиорыстық шу шығаруға пайдаланатынын» болжап отыр.

 «Мәселе, біздің Қазақстанда да Украинадағыдай бомба көріп отырғанымызда. Назарбаев өте қу адам. Ол Қазақстанды Ресейден бөліп алса, барлығы құритынын біледі. Ол қазір қартайды. 1986 жылдан бері билікте отыр. Өзі де ұлтшылдардың көтерілуі нәтижесінде басшылыққа келген. Содан бері 30 жыл Қазақстанды басқарып отыр. Қазір қартайды. Теледидардан оның әрең жүріп жүргенін көруге болады. Ол кеткен соң не болады? Орнына келген азиаттар Қазақстанды қай бағытқа қарай бағыттайды. Бұл бейқам қарайтын мәселе емес. Бұл біздің де ұлттық қауіпсіздігіміздің мәселесі. Өйткені, оның орнына келген азиаттар банерашылардан да асып түсіп, қырғын жасауы мүмкін. Сол үшін біз ресми түрде, мемлекеттік деңгейде орыс халқы бір мемлекет құрамында өмір сүруге құқы барын бекітуіміз керек. Осындай бағытта Қазақстандағы орыстарға қолдау жасау керекпіз. Ол бірінші кезекте Қазақстандағы орыстардың Ресеймен байланысын үзбеуіне көмек көрсету керек. Сонда ғана Назарбаевтың орнына болашақта кім келсе де, 1991 жылы заңсыз алынған, орыстар қоныстанған Ресей территориясы Қазақстаннан қайтарылып, Ресей құрамына өтуі керек!», – дейді К. Душенов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз