Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі тігілген «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде ширек финалға шыққандар анықталды.
“Қазақстан” телеарнасынан тікелей эфирден беріліп жатқан додада ширек финалға шыққан 8 балуанның есімі белгілі болды.
Олар: Алматы облысының атынан сынға шығып жатқан Ұлан Рысқұл және тағы бір Алматы облысының өкілі Александр Касачёв, қызылордалық Бейбіт Ыстыбаев, астаналық балуан Айтуар Абдулов, Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келген Жұманазар Ерсұлтанов, жамбылдық Айбол Айтбек және Дәулетхан Жақыпов, қызылордалық Еламан Ерғалиев.