Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстан азаматтарына саусақ ізін тапсыру жаппай міндеттелмек

Дактилоскопиялық ақпарат тұрғысында адам қолы саусақтары папиллярлы өрнектерінің құрылысы туралы биометрикалық мәліметтер қамтылады. Бұл өз кезегінде адамды және оның жеке мәліметтерін анықтауға мүмкіндік береді. Геномдық ақпарат дегенеміз, бұл адам ДНҚ-сының белгілі бір фрагменті туралы кодталған деректерді жинайды. Заң жобасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге жататын тұлғалардың тобы, сондай-ақ оны жинайтын және сақтауға жауапты мемлекеттік органдардың толық тізбесі анықталады»,-деді Рашид Жақыпов.

Оның сөзіне қарағанда, 1992 жылы Қазақстан құжаттардың биометрикалық параметрлері туралы халықаралық келісімді ратификациялады. Қазіргі кезде тұлғаны куәландыратын 11 құжаттың жетеуінде биометрикалық көрсеткіштерді енгізу қарастырылады.

Біздің төлқұжаттар мен жеке куәліктерде электронды чиптер бекітілген, бұлар арқылы биометрикалық мәліметтерді енгізуге болады.

Вице-министрдің айтуынша, дактилоскопикалық тіркеу төлқұжат пен жеке куәлікті немесе теңізшінің жеке куәлігін рәсімдеу кезінде іске асырылады. Балалар 12-ден 16 жасқа дейін төлқұжат алған кезде олар өз еркімен немесе атан-анасының келісімімен дактилоскопикалық тіркеуге жатады.

12 жастан кіші балалар бұндай тіркеумен қамтылмайды. Сонымен қатар шетелдіктер виза алған кезде саусақ іздерін тапсыратын болады. Бұдан бөлек, дактилоскопикалық тіркеу босқындарға, еңбек мигранттарына, Қазақстанда тұратын шетелдіктерге қатысты ескеріліп отыр. Атап айтқанда, дактилоскопикалық ақпаратты жинақтау ішкі істер органдарына жүктелмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз