Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанға қытайлық «CITIC» пен катарлық «QIA» инвестиция салады

«Бәйтерек» холдингінің еншіліс ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «CITIC Capital» және «Kazakhstan Infrastructure Fund» арасындағы үш жақты келісім ҚХР мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің Астана қаласына сапары шеңберінде жасалды.

19896-6-erbolat_dosaev_stal_no_ru

Ерболат Досаев

Құжатта «Kazakhstan Infrastructure Fund»-мен бірлесе отырып, инвестициялар тетігі арқылы қазақстандық жобаларға «CITIC Capital Silk Road Fund» мен «Qatar Investment Authority» атынан инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту көзделген.

«Келісім «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесетін және оны қытайлық тараптың «Ұлы жібек жолының экономикалық белбеуі» бастамасымен түйістіретін маңызды инфрақұрлымдық жобаларды қосымша қорлануын тартуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

«Kazakhstan Infrastructure Fund» Қазақстан Республикасы аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржылық қолдау мақсатында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрған тікелей инвестициялар қоры болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз