«Мынау жақсы xабар екен. Біздің де ұрылардыкін кофискелесе дұрыс болар еді. Атасы, не әкесінен қалған емес. Халықтың несібесі еді ғой, бұл құнсыздардың ұрлағаны», деп жазыпты бұл жаңалықты оқыған Бейсенғали Көкей есімді қарапайым қазақ азаматы.
Ұлыбританияда Ресей мен Қазақстан сияқты бірқатар жемқорлығы жоғары елдердің шенеуніктері қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алған дүние-мүлікті тәркілеу туралы заң жобасы қаралып жатыр,
деп хабарлайды Business FM.
“Асқан байлардың өз капиталын салып қоятын бірнеше жайлы орталығы бар: Лондон, Монако, Лихтенштейн және тағы бір-екі қала бар. Енді Лондон билігі Ресей, Қытай, Араб елдері мен Орталық Азия елдерінен келетін күдікті инвестициялардан арылғысы келеді.
Ағылшындар ақшасының қайдан шыққан белгісіз байлардың Лондонға келіп жайғасып жатқанынан шаршады”
, – деп мәлімдеді Толстых.
Статистикаға сенсек, Лондондағы жылжымайтын мүліктің 7 пайызы шетелдіктердің үлесінде екен. Әрі оның көпшілігі қаланың қақ ортасында, ең қымбат аудандарда орналасқан екен.