Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде жеңілдетілген автонесие көлемі артуы мүмкін – сарапшы

122

Бірнеше жыл бұрын ғана Қазақстанда автокөлік жасау саласының пайда болуы утопия боп көрінген еді. Алайда 2010-2011 жылдары еліміздегі бұл сала қарқынды дами бастады (теңге девальвациясына дейін, одан кейін экономиканың барлық саласы секілді мұнда да тежелу орын алды).

Статистикалық дәйектерге сүйенсек, соңғы 5 жылда авто өндірістің жылдық өсімі 100 пайыздан 150 пайызға көтерілді. Ал бұл кезде басқа салалардағы өсім 5 пайыздан 50 пайызға дейінгі көрсеткішті қамтыған еді.

2015 жылы Қазақстанның автокөлік нарығының көлемі рекордтық көрсеткішке ие болып, 7,4 млрд АҚШ долларын құрады; ал осы жылғы автокөлік өндіріс көлемі 80 млрд теңгені қамтыды; соңғы 5 жылдағы өндіріс көлемінің орташа қарқыны 62 пайызды көрсетті.

Автоөнеркәсіп саласының еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2014 жылы химия және көмір өндірісінің үлесімен теңесті, жеңіл өнеркәсіптің көрсеткішінен 3 есе асып түсті.

Автоөнеркәсіпті дамытуда елімізде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды, оған қоса онымен кіндік жібі байланған салаларда: логистикада, сатылымда, банк саласында және тағы басқа орындарда 13,2 мың қосымша жаңа жұмыс орыны ашылды.

Қалай дегенмен де автоөнеркәсіп – қатаң бәсекелестік қалыптасқан нарық. Қазақстан нарығына әлемдік алпауыттар әлдеқашан көз салып, өз өндірістерін де ашып үлгерген. Мәселен, Ресей, Қытай, Өзбекстан. Мұндай жағдайда Қазақстанға отандық автоөнеркәсіпті қорғау және ынталандыру тетіктерін құру қажеттілігі туындады. Бұл ретте 2015 жылы мамыр айындағы автонесиелендіру бойынша жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуын атауға болады.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағының деректеріне сүйенсек, мемлекеттік бағдарлама қосылғалы бергі соңғы 15 айда (2015 жылдың мамырынан бастап 2016 шілдесіне дейінгі аралықта) 41 пайыз жеңіл автокөлік жеңілдікпен қарызға беру үшін құрастырылған.

Биылғы мемлекеттік бағдарламаның маңызы одан да арта түсті. Жыл басынан бері 7 айда отандық өнеркәсіп орындары жасаған 5 798 автокөліктің 3 057-сі жеңілдетілген несиемен сатылған. Осылайша, нарықта өткізілген қазақстандық өндірістегі автокөліктің ол 53 пайызын құрады.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, көп сұранысқа ие көліктер (соңғы 15 айдың көрсеткіші бойынша) Hyundai, KIA, Skoda, Chevrolet және Lada көліктері болып табылады.  Қазақстандағы ең танымал көлік модельдері – Hyundai Elantra, Skoda Rapid, KIA Sportage, Hyundai Tucson және Lada 4×4. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылған көліктер ішіндегі ең арзаны – В санатындағы Geely CK (1 999 мың теңге), шағын жол талғамайтын көлік санатында – Lada 4×4 (от 2 050 мың теңге), А санатындағы ең шағын көлік – KIA Picanto (3 055 мың теңге), D санатында KIA Optima (4 521 мың теңге, бизнес-седан) және минивэно категориясында Chevrolet Orlando (5 450 мың теңге).

Ал автокөлік несиесін тұтынушылар бойынша мына өңірлер үштікті түйіндейді: Астана (23%), Алматы (17%) және Қарағанды (8%).

Алайда қолжетімді несиеге халықтың басым бөлігінің қолы жетпей отырғанын, сондықтан бұл ретте қанағаттандырылмаған сұраныстың әлі көп екенін мамандар жасырмайды.

Олег Алферов

Олег Алферов

– Автонесиелеуге енгізілген мемлекеттік жеңілдіктің көлемін әлі ұлғайтсақ, бұл отандық автоөнеркәсіптің өсіміне үлкен ықпал етер еді. Қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша 7,5 мың қазақстандық жеңілдікпен көлік ала алды.

Бірақ қолжетімді несиеге қол жеткізгісі келетіндер бұдан да көп. Ол құпия емес.Сондықтан бұл бағытта үкімет әлі де көбірек қаражат бөлуі керек деп санаймын, – дейді «ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағының төрағасы Олег Алфёров.

Сараптама көрсетіп отырғандай, қазақстандықтар отандық өндірістегі үнемді көлікті көбірек таңдайды. Отандық сатып алушы нарықта Қазақстанның тағы бір жаңа моделіндегі көлік шығарылса, оны да алуға дайын. Онда да несие мен бөліп төлеу мүмкіндігін берсеңіз, тіптен жақсы. Осы жағынан алғанда, бүгіндері Қазақстанда автокөлік тұтынысы байлықтың емес, күнделікті қажеттіліктің көрсеткішіне әлдеқашан айналған.

Еске сала кетелік, 2015 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан даму банкі 6 коммерциялық банкпен қазақстандық өнеркәсіпті қолдауға Ұлттық кордан бөлінген 15 млрд теңгені беру туралы келісімшарт жасасқан. Екінші деңгейдегі банктер Қазақстан даму банкінен ол ақшаны 20 жылға 1 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен алған еді.

Мамыр айынан бастап ол автоөнеркәсіп нарығында қазақстандықтарға 4 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен беріле бастады. КАСКО төлемін қосып алғанда, жаңа автокөлікті несиеге тіркетудің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 7,5 пайызды құрады.

Мәтіннің түпнұсқасымен 365info.kz-дан таныса аласыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз