Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Аузыңдағыны алып таста!». Бекболат Тілеухан жезөкшені жөнге салудың жолын көрсетті

386

Әңгіме барысында «Жәнібек Кәрменовтің шешендігіне, Ақселеу Сейдімбековтің сөйлегеніне, Қайрат Байбосыновтың әншілігіне еліктедім», – дейді халық қалаулысы.

Сонымен қатар, саясатта үлгі тұтатын тұлға ретінде Жұмабек Тәшенов ағамызды атапты.

– Үлгі тұтатын адамдар болады. Мәселен,

саясатта – Жұмабек Тәшенов.

Тәшеновты Хрущев өсірген. Мақсат – Тың өлкесін Ресей Федерациясы ретінде жариялауды Тәшенов арқылы жүзеге асыру. «Қазақ жерінің біразын «Целиноград» деп тың игеруге бер» дейді Хрущев. Ол «жоқ» демейді. «Көреміз» деп қоя тұрады, бірақ жасырын жұмыс істейді. Адамдарды дайындап, ақырында қол қойдырмай қарсы шығады.

Егер осылай алдамаған жағдайда, басқа май шелпектер отырған жағдайда қазақтың жерін алып қояр ма еді? Кім білсін!

Өзінің мансабын қазақ ұлтының болашағы үшін құрбан еткен тұлға деуге болады.

https://kaz.365info.kz/khazakhsha-sojlegen-tyrin-aj-sagadievtin-deputat-tileuhanga-bergen-zhauaby-253119

Сол сияқты Ахмет Байтұрсыновты айтсақ  орынды.

Бірақ қазіргілердің бәріне «тұлға» деген атты жабыстыра беру орынсыз.

Тұлға бұл атқа лайық болу керек. Қазір танымал болған адамның бәрін тұлғаға теңейміз. Адамның өзі нанып, мастанып қалады.

Баяғыда Бақира дейтін апай мені мақтап отырғанда Нұрғиса Тілендиев ұрысқан. Сонда мен таң қалдым.

Сөйтсем, бұл маған жаны ашығаны екен ғой. Құртқың келсе – мақтай бер. «Мақтағанның бетіне топырақ шаш» деп бекер айтпаған.

Шамадан тыс мақтау да жаман іс,

– дейді Бекболат Тілеухан.

Сақал туралы

Кезінде маған

«Сақал қойып, шолақ шалбар киіп, уахаб ағымында жүр» дейтін ауыр айып тағылды.

Мұның барлығы өтірік, жалған!

Қазақты қазаққа жау етіп көрсетудің өзі барып тұрған ессіздік. Сақалыма келсек, бұл – Қазыбек, Әйтеке, Төле билерден, Абайдан, Ыбырайдан, Ахмет Байтұрсыновтан қалған сақал.

Марченкода да (Ұлттық банктің  бұрынғы төрағасы, – ред.) сақал бар.

Неге Марченкоға ештеңе айтпай,

менің сақалыма жоқ жерден жармасатынына таңмын осы.

«Әй» дейтін әже қайда?»

Жезөкшеліктің де дамып жатқанына біз кінәліміз.

Өйткені,

біз қыздарымыздан талап етпейміз. Жек көретінімізді көрсетпейміз.

Қыз шылым тартып тұрса,

«Ей, қаншық аузыңдағыны алып таста»

деп, баяғыда Шона Смаханұлы ұрысатын.

https://kaz.365info.kz/o-sheshen-shymkenttikterdi-mazakhtamaj-tynysh-zhyrinder-273095

Осылай қатты ұрысатын, бетке тура айтатын бір адам жоқ қазір. Елдің бәрі популист. Елдің бәрі жаққысы келеді. Елдің бәрі мойнына жауапкершілік алғысы келмейді.

Осындай жерде сұмырай болу керек. Жауапкершілікті мойнына алу керек.

Бірақ мәдениетті түрде, сауатты түрде, заңның шеңберінде.

Бұған дейін де бірнеше жыл Парламентте отырдым. Айғайладым-айғайладым. Түк бітірген жоқпын.

Ал мәселенің бәрін шешетін – осы талап ету.

Және бұған өркениетті жағдаймен келу.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз