Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Аузында түтікшелер жатты…”. Астанада маса шаққан келіншек жұмбақ жағдайда көз жұмды

Мақпал Еспенбетованы бүгін туған-туысы Семей қаласында жерлеп жатыр. Болған жағдайдың мән-жайын Sputnik тілшісіне Мақпалдың жақын құрбысы Бибен Жүнісова айтып берді. Бибен Мақпалды маса шаққан күні де, ауруханаға барған күні де қасында болған екен.

https://kaz.365info.kz/sender-meningitten-koz-zhymgan-dimashtyn-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-video-319121

“2018 жылы 30 тамыз күні құрбым Мақпал екеуміз дипломатиялық қалашыққа бардық. Ондағы мақсатымыз – құрбым жуырда ғана көлік алған еді. Сол ауданда көлік азайған соң, ол машинасын жүргізіп үйренгісі келген. Сол жерде Мақпалдың бір көзін маса шағып алды. Кәдімгі күнде өзіміз көріп жүрген маса. Көзі ісіп кетті”, — дейді Бибен Жүнісова.

Марқұм 31 тамыз күні таңертең құрбысы Бибенге көзінің суретін жіберген. Бибеннің айтуынша, көзінің ісігі сәл басылса да, Мақпал дәрігерге барғалы отырғанын айтыпты.

“31 күні таңертең құрбым маған көзінің суретін жіберді. Ісігі сәл қайтқан, бірақ ол бәрібір дәрігерге барып, консультация алғысы келді. Сөйтіп, 31 тамыз күні күйеуі екі баласымен Мақпалды Қошқарбаев көшесі, 66 мекен жайындағы Астана қалалық №1 ауруханаға алып барды. Маған бара жатқандарын айтты. Таксикология бөліміне барып, кезек алды. Жолдасы мен екі баласы көлікте күткен. Кезек көп болған соң, әрі балалардың мазасы кеткен соң жолдасы балаларды үйіне алып кеткен.

Балаларын үйге қалдырып, қайта ауруханаға келе жатқанда оған “әйеліңіз қайтыс болды” деген хабар келген”,

— дейді марқұмның құрбысы.

https://kaz.365info.kz/byl-koshmar-khashan-bitedi-medbike-ajeldin-shyndygy-318805

Бибен Жүнісова ауруханаға келгенде марқұм Мақпалдың денесі суып кеткен екен. Дәрігерлер Мақпалдың күйеуі мен құрбысына “ол анафилактикалық шоктан” қайтыс болды деген.

“Мен кіріп, марқұмның денесін ұстағанда, мұздап кеткен. Аузында түтікшелер жатты. Дәрігерлер оған “Преднизолон” деген препарат салдық деді. Бірден айта кетейінші, Мақпалдың негізі аллергиясы бар. Сондықтан да ол маса шаққан соң өздігінен емделмей, дәрігерге барған. Дәрігерге ескерткен екен, бірақ қандай да бір укол салуға рұқсат бермеген. Оның өліміне қатысты толтырылған қағаздарды бірақ көрдім. Ол еш жерге қол қоймаған, аурудың тарихы бос. Содан мен бірден оған укол салған дәрігерді де, оның көмекшісін де бейнеге түсіре бастадым”, — дейді Бибен Жүнісова.

Бибеннің айтуынша, дәрігерлер өздерін кінәлі сезінбеген және болған жағдайды тез “жуып-шайғысы” келген. Бибен кіріп, құжаттарды қарай бастағанда, дәрігерлер жиналып, басқа жақтан толтырылған құжаттарды әкелген.

“Бізге берген анализ парақшасында “науқастың салмағы 71 кг, ер адам” деп жазылып тұрды. Мақпалдың салмағы небары 54 кг. Дәрігерлер укол салғаннан кейін ол құсып, қысымы түсіп кеткен де тіл тартпай қайтыс болған. Енді бізге берген қорытынды құжатта “науқас маса шаққаннан кейін көз жұмды” деп жазылып тұр”, — дейді Бибен Жүнісова.

https://kaz.365info.kz/maskhara-tagy-bir-infektsiyalykh-auruhananyn-khorkhynyshty-suretteri-zhariyalandy-330045

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша,

медициналық қорытынды – анықталмаған шок.

Әйел адамның қазасына не себеп болғанын анықтау үшін ұлпаларды қосымша зерттеу, препараттарға токсикологиялық сараптама жүргізу қажет.

“Осы нәтижелерді алған бойда өлімінің нақты себебі белгілі болады”, —деп хабарлады вице-министр.

Ақтаева атап өткендей, ережелерге сәйкес, кез келген медициналық процедураны жүргізгенде науқастан жазбаша рұқсат алынады.

Марқұм болған келіншектен жазбаша келісім алынды ма, жоқ па – медициналық құжаттарды тексеру барысында анықталады.

Бибен Жүнісова құрбысының бүгін Семей қаласында жерленіп жатқанын айтты. Мақпал үйіндегі жалғыз қыз болған екен. Оның артында 8 жастағы ұлы мен 6 жасар қызы қалды.

“Күйеуі бұл қайғыға сенбейді. Бірнеше рет есінен танып, қайғыдан кеудесі қарс айырлғалы жүр. Екі баласына айттық. Қызы шала туған еді, осы қараша айында жүрегіне операция жасау керек. Айдың күннің аманында екі баланың анасы маса шаққаннан қайтыс болды дегенге кім сенеді!?”, — деп қынжылды Бибен Жүнісова.

https://kaz.365info.kz/ash-khaskhyrlar-khysap-germaniyany-korgen-dariger-bizdegi-auruhanalardyn-bylygyn-zhajyp-saldy-329458

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз