Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ауылдық ҮЕҰ-ға арналған шағын гранттар

Бүгінде Қазақстан ауыл халқы мен еңбек ресурстарының елеулі үлес салмағы бар, осындай үрдісті ұзақ уақыт бойы сақтап келе жатқан аумақ ретінде қарастырылады және олардың тіршілік әрекеті үшін қалыпты жағдай жасаудың маңызы зор.

10 жыл бойы жалғасқан ауылдық елді мекендерді ұсақтау процесі (жартысынан көбі – 9,8%-ы тұрғыны бар, халқының саны 500 адамнан кем ауылдар) ауылдық аумақтарды әлеуметтік жайластыруды қиындатты. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің, әсіресе, жастардың ауылдан қалаға ағыла көшуіне, яғни урбанизацияға әкеп соқты.

Ауылдық аумақтарда өмір сүру деңгейі мен сапасы арасындағы әлеуметтік-экономикалық сәйкессіздіктер әлі де сақталуда. Қазіргі таңда ел халқының 42%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Аграрлық азық-түлік секторының даму ерекшеліктерін және ауыл шаруашылығы қызметінен түсетін кірістердің өсуін ескере отырып, ауыл халқының қазіргі уақытта шамадан тыс көп болуы халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін тежеу себептерінің бірі болып табылады, ал бұл елдің орнықты дамуын жоспарлауды қиындатады.

“Жастар салауатты өмір салты үшін” ЖҚБ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде 2022 жылғы сәуірден бастап “Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру”грантын іске асыруды бастады.

“Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру” жобасындағы жұмыс тәжірибесі 2020 жылы ауылдық өңірлер тұрғындарының белсенділігі артып келе жатқанын көрсетті. Жергілікті жерлердегі жағдайды өзгертуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге ниет бар. Әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын, бірақ белгілі бір дағдылар мен білімге, қаржы ресурстарына, әлеуметтік жобалауда құзыреттілікке ие емес бейресми көшбасшылар пайда болды.

Бұл жоба локомотив ретінде әрекет ететін, жобаларды іске асыру нәтижесінде қаржылық, цифрлық сауаттылықтың белгілі бір білімі мен дағдыларын алған, нәтижесінде ауылдық жерлердегі халықтың қалған бөлігі үшін үлгі болып табылатын ауыл көшбасшыларының белсенділігін арттыруды ынталандыратын болады. Алған білімдері ауылдың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Грант қызметі өмір сапасын арттыруға, жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ауылдық бастамаларды дамыту саласындағы көшбасшылардың өзекті заманауи жобаларын қолдауға бағытталған.

Грантты тиімді іске асыру үшін қатысушылар арасында 2022 жылғы 6-10 маусым аралығында республикалық деңгейдегі жаттықтырушыларды тарта отырып, әлеуметтік жобалау бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқыту вебинарлары өткізілді.

2022 жылғы 10 маусымда жергілікті қоғамдастықты жұмылдыруға, ауылдық бастамаларды дамыту саласындағы көшбасшыларды анықтауға және ҚР халқының цифрлық, қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауылдық ҮЕҰ мен ҚР бастамашыл топтарына арналған Шағын гранттар конкурсы жарияланды.

Конкурс аясында ауылда жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру үшін 500 000 теңгеден 50 шағын грант бөлінеді. Конкурстың негізгі бағыттары ретінде келесі бағыттар таңдалды: ауыл тұрғындарының сандық және қаржылық сауаттылығын арттыру, білім беру саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру, волонтерлік, ауылда кәсіпкерлікті дамыту және т.б.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2022 жылғы 10 маусымнан 24 маусымға дейін. Өтінімдерді nposko@inbox.ru электронды поштасына “Шағын гранттар конкурсына өтінім”деген белгімен жіберу керек.

Байқау туралы барлық ақпарат жобаның Instagram: @molodezh_za_zoj, Facebook: @molodezhzazoj әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында орналастырылады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8-777-587-83-26 нөміріне хабарласуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз