Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ауыл билері мен ақсақалдары прокурорларға алимент өндіруге көмектесуде

– Ордабасы ауданында ауыл билері мен ақсақалдарды, авторитетті азаматтарды араластырдық. Нәтижесі жақсы. Екі айда борышкер әкелердің қарызы екі есе азайды. Арасында 700-800 мың теңгеге дейін қарыз боп жүргендері бар еді. Ақсақалдар мешітке келген жамағатқа да бала алдындағы қарызындарын қайтаруды насихаттады, дейді ОҚО прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы бастығының орынбасары Қантөре Ханділдаев.

Қарызға батқан әкелерден ақша өндірудің бұл тәсілі алдағы уақытта басқа да аумақтарда өтуі әбден мүмкін. Алименттен қашқандардан 12 млн. теңге қарыз өтелген. 72 борышкер әкімшілік жазаға тартылса, 27 қылмыстық іс қозғалған. Алиментті парызы емес, қарызы деп санайтын «қашқын» әкелерді бес тәулікке қамауға алу жағы да жүзеге асып жатыр екен.

Сонымен қатар прокуратура қарыздан жалтарған жұмыссыз ата-ана мәселесін де шешуде. Атап айтсақ, облыс бойынша 511 жұмыссыз борышкердің 200-ден астамы шенділердің көмегімен жұмысқа орналастырылған. Алименттен жалтарған жауапсыз әкелермен күрестің басқа да тәсілдері ойластырылуда екен.

Азаматтық істер бойынша есеп берген прокурорлар биылғы жылы 120 млн.теңгеден астам бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылғанын жариялады. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу және құзырлы органдардың хабарламаларын даулауға қатысты біраз істің беті ашылыпты. Тек әшкереленген даулы істердің анық-қанығы жабулы қазан күйінде қалды. Оларды жария етуге жоғарғы жақтан рұқсат жоқ екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз