Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Ауғаныстандағы жарылыста Қазақстанда оқыған журналист қаза тапқан

Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосқан. Екінші шабуылды оқиға орнына келген тілшілер тобының арасына енген террорист жасаған. Ірі лаңкестік оқиғасының салдарынан қаза тапқандардың арасында БАҚ өкілдері де бар екені туралы ақпарат тарады.

Бүгін TOLO news телеарнасы жарылыс оқиғасының егжей-тегжейін білу үшін барған тілшісі Самим Фарамарз мен операторы Рамиз Ахмадидің опат болғанын мәлімдеді.

Тілші Самим Фарамарз журналист мамандығына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Осы университеттің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның мәлімдеуінше, журналистика факультеті Самим Фарамарзды еске алу мақсатында шара өткізбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз