Қазақстанда 18-20 сәуір күндері ауа-райының қандай болатыны белгілі болды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанға ауған антициклонның әсерінен еліміздің көптеген облысында жауын-шашынның қысқа уақытқа тоқталуы күтіледі.
“Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан жаңа циклон қалыптасып, сәуір айының ауа-райы тұрақсыз болады деп болжанып отыр. Циклондар әсерінен және оның атмосфералық фронттарының ықпалынан батыс облыстарында тағы да жаңбыр күтіледі. Қазақстанда орташа тәуліктік температура әлі де қалыпты нормадан жоғары болады”, – деп хабарлады синоптиктер.