Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Атырауда сатушыны өлтірген қылмыскер жынды болып шықты

2016 жылдың қазан айында Атырау қаласы ішіндегі дүкендердің біріне ешкімнің жоқтығын аңдып тұрып, кірген, қолында балғасы бар ер адам сатушы әйелдің басынан ұрып құлатып, оны қоймаға ары қарай сүйрей жөнелген. Қоймада ол әйелді бірнеше жерінен пышақтап, дүкен кассасындағы барлық ақшаны, сонымен қатар қолына сыйған тауарларды алып тайып тұрған. Ал қансыраған сатушы әйел ауруханада есін жимастан мерт болды.

Сотта сотталушы М.М-нің қылмысы одан тәркіленген айғақты заттармен қатар, дүкен ішінде орнатылған бейнекамерадағы жазбамен дәлелденді.

Сот-психиатриялық сараптамасы М.М деген азаматтың қылмысқа барған кезде «Параноидты шизофрения» түріндегі созылмалы психикалық дертпен ауырғанын, қылмысты жасау кезінде ол өзінің іс-әрекетін түсінбейтін жағдайда болғаны туралы қорытынды шығарды.

Осы негізде сот қаулысымен қылмыстық іс қысқартылып, М.М.-ге Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас ауылында орналасқан республикалық интенсивті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі стационарда еркінен тыс психиатриялық емдеуден өтуге шара тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз