Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Атырауда екі бала лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтты

Ал қайғылы жағдай орын алған үйде тұратын тағы бір тұрғынның айтуынша, жедел жәрдем ұзақ күттірген.

«Жедел жәрдем кеш келді. 15-20 минут күттік. Оны зеңбілге салып алып кетті. Іші ашық болған. Қан болған сияқты», – дейді тұрғындардың бірі.

Алайда Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Алмагүл шағын ауданы мекен жайы бойынша қоңырау сағат 22:22-де түскенін мәлімдеді.

«Жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына келген кезде, зардап шеккендердің бірі қайтыс болып кеткен. Дәрігерлер тек өлім жағдайын тіркеді. Ал зардап шеккен екінші ұл бала бас сүйек-мидың жабық жарақатын алып, омыртқасының мойын жақ бөлігі сынған. Сондай-ақ, комаға түскен. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Алайда сағат 00:50-де қайтыс болды», – дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

 

https://kaz.365info.kz/atyrauda-eki-bala-lift-shahtasyna-khylap-koz-zhymdy-316024

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз