Атырауда бала сатқан перзентхана қызметкері сотталды. 41 жастағы Назгүл Хамзинаға қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында облыстық перзентханада өткенін айта кетейік. Судья әріптестеріне сабақ болсын деген оймен солай жасаған.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Аталған мекемеде 5 жылдан бері тіркеуші боп істеген Хамзина 20 маусым күні қолға түскен болатын. Ол балалы болуды армандаған танысына 5 мың долларға шақалақ тауып беруге уәде етіп, жарты ақшасын алып алады.