Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ірі мөлшерде ұрлық қылмысын жасаған жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
16 жастағы оралдықты анасы тастап, басқа жаққа күйеуге шығып кеткен. Кәмелетке толмаған қараусыз бозбала Оралда жалдап, тұрып жатқан пәтерде жалғыз қалған. Ақшасы жоқ ол тығырыққа тірелгенде ұрлыққа барады. Бір пәтерге бас сұққан ол 2 миллион теңге мен бағалы бұйымдарды үптеген. Кейін белгілі болғандай, зардап шегуші 2 миллион теңгені несиеге алыпты.
Сотталушы жасаған қылмыстық әрекетін толық мойындап, өкініш білдірген. Осыған байланысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қаралды.
Сот үкімімен жасы кәмелетке толмаған сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ірi мөлшерде жасалған ұрлық) сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалып, Қ ылмыстық кодексің 63-бабына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептелініп, 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық залал іс бойынша азаматтық жауапкер болып танылған сотталушының заңды өкілі анасынан өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.