Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатыса алмайтын болды.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бішкектен Нью-Йоркке бара жатқанда Атамбаев өзін жайсыз сезініп, алғашқы медициналық тексеруден өтті», – делінген хабарламада.
Дәрігердің тексеруінен кейін кеуде тұсының ауыратынына шағымданған президентте жүрек сырқатының белгілері бар екендігі анықталды. Осыған байланысты Қырғыз президенті біраз уақыт бойы дәрігерлердің бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Нақты мәліметтер бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Қырғызстан делегациясын елдің Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев басқаратын болды.