Бұрынғы премьер-министр Темір Сариев Қырғызстанның президенттік сайлауына түседі. Бұл туралы Бішкекте “Ак Шумкар” партиясының конференциясында белгілі болды.
Сариев елдің даму бағдарламасын дайындап шыққанын мәлімдеді. Ол Қырғызстан экономикасын дамыту мен заңды сақтауға бағытталған.
Үкіметтің бұрынғы басшысы таза әрі әділ сайлау өткізу үшін бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Конференция нәтижесі бойынша Темір Сариевті биыл күзде өтетін президенттік сайлауға ұсыну туралы қарар қабылданды.