Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 15 ақпанда жұмыс бабымен Бельгияға ұшып кетті. Ресми сапар барысында ол Белгия королі Филиппен, Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен, Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен және Еуропалық одақтың шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Фредерик Могеринимен кездеседі.
Одан соң Атамбаев жұмыс бабымен Мюнхен қаласына барады. Сол жерде қауіпсіздік жөніндегі конференция жұмысына қатысады.
Конференция кезінде Атамбаев Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Екі мемлекет басшылары Қырғызстан мен Германия қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайды.