Аты аңызға айналған комментатор, HBO, ESPN, FOX және SHOWTIME телеарналарында жұмыс істейтін Боб Шеридан қазақстандық Геннадий Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады.
Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап, Тengrinews.kz хабарлады.
“Мен Головкинді таңдаймын. Бірақ Андре Уорд пен Теренс Кроуфордты да таңдауға себептер бар. Роман Гонсалес та бар. Головкин – мықты боксшы. Ол жылдың үздік боксшылары жайлы айтылғанда ескерілу керек. Менің нұсқам – осындай”, – деді Боб Шеридан Ontheropesboxing.com басылымына берген сұхбатында.