Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ата-аналарға не үшін айыппұл салынуы мүмкін — министр жауабы

445

«Жалпы, айыппұл балаларын мектепке жібермейтін ата-аналарға арналған. Өкінішке орай, мұндай проблема тек бірінші сыныпта ғана бар. Дегенмен өзге де сыныптарда кездесіп жатады. Сондықтан проблеманың бір жағын шешіп жатсаң екінші жағы шыға келеді. Бірақ, барлығына бірдей айыппұл салу туралы сөз болып отырған жоқ. Әр мәселе жеке-жеке қаралатын болады», – деп келтіреді ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылыми министрі Күләш Шәмшидинованың сөзін.

Айта кету керек, 127-бапқа сәйкес, кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауда өз міндеттерін дұрыс орындамағандары үшін олардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдеріне 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, заңда 6 жастан бастап баланың мектепте білім алатындығы нақты жазылған.

«Заңда 6 жастан бастап баланың мектепте білім алатындығы нақты жазылған. Сондықтан ата-аналар 6 жастан бастап балаларын мектепке бергені дұрыс. Жалпы, бұл заңда жазылғандықтан, міндетті саналады. Бірақ, біз әрбір адамның дербес екендігін білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ата-аналардың өздері де баласының қаншалықты мектепке баруға дайын екендігін қарауы керек шығар. Бірақ, бұл, ата-анасы қаласа, баласын мектепке жібермейді деген сөз емес. Өздеріңіз де білесіздер бұл мәселе заңға таяуда ғана енгізілді. Сол себепті министрлік қазіргі уақытта оған мониторинг жүргізіп отыр», – деді Күләш Шәмшидинова.

Оның атап өтуінше, балабақшалардың жанында мектепке дайындық тегін жүргізіледі.

«Егер бала мектепке дайындықты, мәселен, 5 жас 8 айында бастаса, онда ол қалай болғандада мектепке дейінгі ұйымдағы дайындық бағдарламасын аяқтауы тиіс. Әрине, бұл ретте басқа мәселе бар. Егер тексеруші ұйым келсе, онда оның тарапынан «6 жасқа толған бала неліктен балабақшада жүр» деген сауал туындайды. Сондықтан  қазір бұл мәселені шешудің заңды жолын қарастырып жатырмыз», – деді Білім министрі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз