Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ата-аналар қашанғы базар аралап, тентіреп жүрмек?

Қаптаған адам сол жерлерде кезекте тұрып, алып жатыр. Ең арзан деген дәптері 700-800 теңге, Ал бізге біреу емес, барлық пәнге керек.

Ақыры осы қосымша дәптерді пайдаланады екенбіз, неге мектеп соны бізге сатпайды екен? Қашанғы базар аралап тентіреп жүреміз?

Бірін тапсақ, бірін таппаймыз. Оны алуын аламыз да, одан кейін сол пәленбай теңгеге алған дәптерлер кейде мүлдем жазылмай, бос қалады. Онда жазбасақ, не үшін алғызады? Соны жәй дәптерге жаза берсе бомас па еді? Сол қосымша дәптерлер шынымен керек зат па?
Былтыр 3 сыныптағы ұлыма ағылшынға қосымша дәптер алдым, сол күйі тұр. Жазылмаған. Жай дәптерге жазып жүрді. Мен оны итшілеп іздеп жүріп, 1000 теңгеге әрең тауып едім.

Онсыз да жетісіп жүрмеген қара халықты қинай бермей, тек керек болса ғана алғызыңдаршы, өтініш!

Мектепке керек дәптерді біз неге базардан іздеп жүрміз? Мектепке әкеп қойыңдаршы, сол жерден бәріміз бірдей болып алайық. Шаршадық, шыны керек!
Сабақ басталғалы күнде базардан шықпайтын болдық.

Біреуін әкеп берсек, басқасын тағы айтады. Ақыры керек екен, алдын-ала не керегін айтып қойса ғой. Тура керек кезде — екі есе қымбат.
Ақшасы барлар алады, әрине. Баласы үшін. Ал ақшасы жоқтар ше?

Әр пән үшін 700-1200 теңгесін жұмсаса – несі қалады?

Осы оқыдық қой кезінде, құр кітап пен жәй дәптермен.

Ана кіші сыныптарға ана тілінен көркем жазу деген дәптерді алғызды. Оны көрсеңіздер ғой: жәй дәптерге қызыл сиямен әріптер мен сөздерді әшейін жазып, дайындап қойған. Бағасы 300-500 теңге. Соны мұғалімнің өзі-ақ қызыл сиямен 15 теңгелік дәптерге жазып берсе болмай ма? Дайынын сатып алғызбай.
Бұның бәрі — құр босқа ақша құрту. Ол керек пе, керек емес пе — үкіметті түк қызықтырып тұрған жоқ…

Енді біраз жылда ақшасы барлар ғана оқысын деп жүрмесе болды…».

Әне, бұл ата-ана солай дейді. Сіз не дейсіз?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз