Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қасымов: “Қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлаған жоқ. Бұл барып тұрған өтірік”

Министрдің айтуынша, ол кеше түн ортасына дейін отырып, Алматыда орын алған оқиғалардың бейне және фотожазбаларын түгел қарап шыққан. Мысал ретінде министр атыс кезінде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің маңында жүрдім деген әйелдің сұхбатын айтып отыр. Ол әйелдің айтуынша, қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлаған.

Айта кетейік, «Трубина» газетінің бұрынғы бас редакторы Алмат Азади де бүгін өзі жазған  материалында қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлағанын естідім деп жазған.

«Бейнекамераның жазбасында мен ондай ештеңе естіген жоқпын… Бұл барып тұрған өтірік. Және бұл сұхбат (куәгер әйелдің – агенттік) интернетке шыққан. Одан кейін, супермаркетте халық тұтқынға алынды деген ақпарат тарады.

Бұл ақпарат та интернет арқылы тарады. Біз қазір ол ақпараттарды тексеру үшін адамдарымызды жібердік. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғадық және сол блогерлер мен тілшіге адвокат іздей беруге кеңес беремін», – деді Қ.Қасымов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз