Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қасымов бүкіл полицияны қызметінен босатпақшы ма?

Парламенттік тыңдау барысында сенатор Сергей Ершов министрден жол полициясы арасындағы жемқорлықтың жоғары екендігін айтып, оны төмендету үшін қандай шаралар қолға алынатындығын сұраған еді.

«Қазір біз Грузияда  жемқорлықпен күрес жақсы жүргізіліп жатқандығы жайында жиі оқитын болдық. Сіздер тарапынан Грузия тәжірибесі зерделенді ме және ол қызықты ма әрі бізде де қолдануға бола ма?»  — деді сенатор Қасымовқа қарата.

«Грузияға біздің қызметкерлер бірнеше мәрте барды, барлық қызметтер комиссия болып та барып қайтты. Ол жақтағылар  полиция қызметкерлерінің бәрін жұмыстан шығарып жіберіп, айлықты 2 есе көтерген. Содан кейін жаңадан жұмысқа алған. Мархабат. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз», — деді министр.

Сонымен қатар ол Қазақстан полициясын Германиядағыдай, Америкадағыдай жасау қажет деген пікірдің жиі айтылатындығын атап өтті.

f2c9d45df2fd0d5a3f163891c9567ad3

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз