Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуымен құттықтады

«Бұл – шын мәнінде тарихи оқиға», – деген Сенат төрағасы, ең алдымен, барлық палата депутаттары атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды тарихи оқиғамен құттықтады.

– Бұл – Елбасы бастаған отандық дипломатияның тарихи жеңісі, бүкіл әлем таныған сыртқы саясаты сындарлы ел екеніміздің айқын көрінісі болып табылады. Осы оқиға орын алуы үшін бір топ қазақстандық дипломаттар, қоғам қайраткерлері өздерінің қомақты үлесін қосты. Солардың ішінде әріптесіміз Бірғаным Әйтімова да бар. Сенаторлар атынан Сізге алғыс білдіргім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенатор дүрбелеңге толы аса күрделі ғаламдық ахуал жағдайында Қазақстанның осындай беделді әрі жауапты миссияны абыроймен атқаратынына кәміл сенетіндігін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз